Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада «Түркі жазуы» халықаралық форумы басталды

AstanaTV
19.05.2014ж. 13:00
1397
Астанада «Түркі жазуы» халықаралық форумы басталды

Биылдан бастап қазақ елінде 18 мамыр «Түркі жазуы» күні ретінде атап өтілмек. Мұндай шешімді үкімет ресми түрде бекітті.

Төрткүл дүниеге өздерін танытып, «Мәңгілік ел» болуды көксеген бабалардың терең де тағылымды тарихын тасқа қашап жазуы - түркі халықтарының өлмес өркениет қалыптастырғанының көрінісі.

Осыған орай Түркі академиясының бастамасымен, Елордада «Түркі жазуы» атты халықаралық форум басталды. Түркі әлемі үшін ерекше маңызға ие ғылыми шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және өзге де түркітілдес елдерден көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, дипломаттар келді. Форум мақсаты - түбі бір түркі елдерін бір-біріне жақындастыра түсу. Осы орайда ғалымдар арасында түркі халықтарына ортақ әліпби жасау туралы пікірлер баршылық.

Хайати Девели, «Yunus emre institute» директоры, Түркия:

Түркі әлемінің бірлігі үшін түркі әлемінің ортақ жазуының болуы өте маңызды. Басқа елдердегідей ортақ жазу жүйесін орнықтыра алсақ, бір-бірімізбен жақын қарым-қатынаста боламыз. Сондықтан
, бүгінгі күннің түркі әлемі үшін үлкен маңызы бар.

Форум аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Түркі Академиясының шығарған еңбектерінің таныстырылымы өтті. Бұл кітаптар түркі елдерінің рухани ынтымақтастығына қызмет етеді. Онда түркі елдері арасындағы мәдени-тарихи қазыналар жинақталған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА