×

Жамбыл облыстық қазақ драма театры Астанаға арнайы гастрольдік сапармен келді

AstanaTV
12.05.2016ж. 20:00
4676
Жамбыл облыстық қазақ драма театры Астанаға арнайы гастрольдік сапармен келді

Жамбыл облыстық қазақ драма театры Астана қаласына гастрольдік сапарымен келді. Алыстан ат терлетіп жеткен Тараздың елуден астам театр тарланы Елорда көрерменіне Қалихан Ысқақ пен Шахимардан Құсайыновтың «Қазақтар», Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» қойылымдарымен қатар, жас бүлдіршіндерге арналған Әлібек Файзуллаұлының «Алтын адам» ертегісін ұсынды. Театр ұжымы тіпті сахна декорациясын да өздерімен ала келген.

Іссапар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және театрдың 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Спектакльдер екі күн бойы Астанадағы «Жастар театрының» сахнасында өтті.

Болат Бекжанов, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры, ҚР мәдениет қайраткері:

Астанаға жүрексініп келгенбіз, бірақ Астананың көрерменіне қатты риза болдық. Театрымыздың елуден астам шығармашылық ұжымы келіп, осы спектакльдерді ең бірінші Астана жұртына әкеліп отырмыз. Осыдан кейін Алматы қаласына баратын боламыз. 

Берік ХАСЕНОВ