$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға он күн қалды

AstanaTV
19.05.2014ж. 20:00
1734
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға он күн қалды

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға он күн қалды. Тарихи құжатқа үш ел басшысы 29 мамырда Астанада қол қоймақ. Бүгінде құжат дайын. Десе де оның артықшылығы туралы әлі айтылып жатыр. Маңызды одақтың тиімді тұстары «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысында да «Еуразия экономикалық одағы - ХХІ ғасырдың сын тегеуріндеріне жауап» тақырыбы аясында талқыланды.

"Нұр Отан" партиясының бастамасымен өткен жиынға үкімет мүшелері, еліміздегі саяси партиялардың мүшелері, азаматтық сектор мен ардагерлер ұйымдарының және бизнес құрылым өкілдері қатысты. Жиынға келген Премьер-министрдің бірінші орынбасары мұнай-газ саласындағы ортақ нарықтың тиімділіктерін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Осы уақытқа дейін мұнай-газ саласында, электр энергетикасы, транспорт саласында Ресейден жүретін құбырлаға қол жетпей келді. Ал бүгінгі шарт бойынша біз келісімге жету үшін, концепциясы мен бағдарламасын дайындап, 2025 жылы мұнай-газ салысында ортақ рынок пайда болады.

Ал 2019 жылдан бастап электр энергетикасының бірыңғай кеңістігі құрылады. Еліміздің батысына Екібастұз жарығын жеткізуге мүмкіндік туады. Айта кетерлігі, қазір Батыс Қазақстан Ресейден электр қуатын 13 теңгеден сатып алып отыр. Одақтың тиімділігі туралы бұған дейін де талай айтылды. Бірақ артықшылықтарды атаған көптік етпейтін тәрізді.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Интеграцияның түпкі мәні - бұл еліміздің бұдан әрі де серпінді дамуы және әлеуметтік-экономикалық қарқынды жаңғыруы үшін Елбасы айтқан «мүмкіндіктер терезесін» айқара ашу. Мұндағы басты мүмкіндік - Еуразиялық экономикалық одаққа мүшеліктің Қазақстан үшін, ең алдымен, өз нарығынан 9 есе үлкен, көлемі 153 млн адамға шағатын нарыққа қол жеткізуге жол ашатындығында. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан экономикасы жаңа деңгейдегі интеграциялық ұйым құруға жоғары дайындықпен келіп отыр.

Ал 2020 жылға қарай біз Ресейге 100 мың көлікке дейін жеткізіп отырамыз. Яғни автокөлік нарығын дамытамыз. Коалиция отырысына қатысушылар ең бастысы Еуразиялық экономикалық одақ саяси емес, экономикалық одақ екеніне баса назар аударды.

Ғалым Байназаров, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институты директорының кеңесшісі:

Одақ тек экономикалық сферада құрылады. Заңдығы жағынан болсын, құрылымы жағына болсын, көздейтін бағыттар бойынша бұл тек экономикалық одақ деп ойлаймын.

Отырыс соңында демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы мүшелері үндеу қабылдап Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын толық қолдады.

Айгүл ӘДЕПАЙ