$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қызылорда облысында сұйытылған газ зауыты 2016 жылы іске қосылады

AstanaTV
19.05.2014ж. 20:00
1317
Қызылорда облысында сұйытылған газ зауыты 2016 жылы іске қосылады

Қызылорда облысында сұйытылған газ зауыты 2016 жылы іске қосылады. Осылайша Қазақстаннның магистральді құбырлары жоқ аймақтарына газ тасымалдау жұмыстары басталады. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесі мен партияның Сайлау алды тұғырнамасының «Инновациялық экономика» бағытындағы сарапшылар тобының отырысында мәлім болды.

Бұрын соңды қолға алынбаған тың жоба Қытай компаниясымен бірлесе жүзеге аспақ. Пилоттық жоба ретінде іске қосылатын зауыттың жалпы қуаты жылына 100 миллион текше метр газ өндіруге шақталған. Бүгінде техникалық, экономикалық сараптама жұмыстары жүргізілуде. "Зауытты салу 2015 жылы аяқталады, 2016 жылы пайдалануға беріледі", - дейді Мұнай және газ вице- министрі.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Мұнай және газ вице-министрі:

Осы зауыттың негізгі құндылығы - ол магистральдік құбыры жоқ аудандарға газ жеткізуге мүмкіншілік береді. Бұл жоба қытайлық мекемемен бірлесе ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі таңда қажетті техникалық экономикалық сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА