Қарағандылық кәсіпорындар Кеден Одағының дамуына лайықты үлес қосып келеді.
Өткен жылы аймақтың Ресей және Беларусь кәсіпорындарымен тауар айналымы екі
миллиард АҚШ долларын құрады. Үш елдің ынтымақтастығына Кеден одағының
қосқан үлесі зор. Қазақстанның орталық аймақтарында 600 кәсіпорын өз өнімдерін
шетелге жөнелтеді.
Қарағанды облысынан экспортқа металлургия өнімдері мен
құрылыс материалдары, дәрі-дәрмектер шығарылады. Бай шикізаттың арқасында
өңірде көптеген жаңа кәсіпорындар ашылуда. Мәселен, Теміртаудағы бұл компания
сыра қайнататын ірі зауыттарға арзан қалайыдан жасалған шөлмек қақпақтарын
саудалайды. Зауыт басшысының айтуынша, өндіріс көлемі 5 жылда 3 есеге өсіп,
жылына 900 миллион қақпақ өндіретін болған.
Юрий Дюпин, зауыт директоры:
Ресейдің Поволжье, Урал, Сібір, Қиыр Шығыс өңірлеріне өнімдерімізді
жібереміз. Бір қуантарлығы, бәсекеге қабілеттілігіміз уақыт санап артып келеді.
Еліміздің Кеден одағына мүше болуы да бізге оң септігін тигізуде.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА