$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Халықты оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесі көтерілуде

AstanaTV
19.05.2014ж. 20:00
1413
Халықты оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесі көтерілуде

Елімізде ішкі көші-қон мәселесіне жіті көңіл бөлінбек. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оралмандарды оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесін көтеруде. Бұл туралы көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев айтты. Қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Оларға баспана немесе жер телімі беріледі. Сондай-ақ шағын несиелеу тәжірибесі де енгізілмек.

Аталмыш бағдарлама бірнеше бағытқа бөлінген. Оның бірі - оңтүстіктегі ауыл-аймақтарда тұратын жастарға солтүстіктегі оқу орындарынан көбірек грант бөлу арқылы жүзеге аспақ. Теріскейге өз еркімен көшкен азаматтар жұмыспен және баспанамен қамтылады. 

Саламат Аманбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасы:

Ішкі көші-қон саласында «Еңбекпен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жетілдіру арқылы халықты оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесін қолға алдық. Бағдарлама бойынша баспана немесе жер учаскесі беріледі, сондай-ақ шағын несиелеу тәжірибесі де енгізілмек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА