19 жастағы сарбаз өзін өзі атып
тастады. Оқиға Қарағанды облысындағы Долинка
кентінің ИУ 41 күзет мұнарасында орын алған. 65/05 әскери бөлімнің сарбазы
түзеу мекемесінде қарауылда тұрған кезінде өзіне өзі қол салған. Сол жерде
қайтыс болған жігіттің аты-жөні Мырзабай Сапарбай екені хабарлануда.
Ол Алматы облысының тумасы. Аталған факт бойынша қызметтік
тергеу басталды. Әзірге оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз, жас
сарбаз қолхат қалдырмаған.
Илхам ИБРАГИМ