$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Маңғыстау өңіріне сапарлады

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
1330
«Нұр Отан» партиясының мүшелері Маңғыстау өңіріне сапарлады

Маңғыстау өңірінің еңбек ұжымдарына Жер кодексі егжей-тегжейлі түсіндіріліді.  Өңірге «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының өкілдері мен Парламенттегі фракция мүшелері сапарлаған. Партия хатшысы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, тұрғындар көптеген көкейкесті мәселелерді көтеріп, барлығына тұщымды жауап алды. Билік өкілдері Жер кодексінің қарапайым халыққа мейілінше тиімді екенін жеткізуге тырысты. Мұнайлы өңір тұрғындары да ауыл шаруашылығына ден қойылып, осы салаға көптеп инвестиция тарту керектігін құптап отыр. 

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Маңғыстау облысында бір гектар жердің құны аукционға шығарған кезде 900 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Ал орташа бағасы 1500-1600 теңгеге дейін болғалы тұр. Сонда егер азамат өзінің жалдап отырған 20 гектар жерін сатып алатын болса, әрине, 1,5 теңгеден ол 30 мың теңге. 30 мың теңге кімде жоқ қазіргі заманда, бәрінде бар. Сондықтан алыпқашпа әңгімелер бұл жерлердің бәрін қалталы азаматтар сатып алады деген - бұл бекер.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА