$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Талғат Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
1618
Талғат Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев өзіне тағылған ешбір айппен келіспейді. Бүгін өткен сот отырысында экс-шенеунік, оған тағылған пара алу, ірі көлемде ақша жымқыру айыптары, өздерін сот алдында ақтап алғысы келетін істің өзге фигуранттарының куәлігіне ғана негізделген, деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол: "Сот процесі қатысушыларының өзіне қарсы жасалған куәліктері тек жазаларын жеңілдету үшін амалсыз жасалған қадам",- дейді. Ол мердігерлік жұмыстардың құны негізсіз қымбаттатылды деген айыпқа да қарсы.

Талғат Ермегияев, айыпталушы:

Пара алу айыбы бойынша да, қазына ақшасын жымқыру бойынша да тағылған кінәны мойындамаймын. Мен ешкімге заңға қайшы бұйрық берген жоқпын. Ешкімнен ақша алған жоқпын, олардың шоттан шешілуіне де еш қатысым жоқ. Ешкіммен сөз байласқан жоқпын, менің әрекеттерімнен мемлекетке ешқандай зиян келген жоқ.

Талғат Ермегияевке Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша «өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қолды қылды» деген айып тағылып отыр. Айыпталушылар тізімінде жиырмадан астам адам бар. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ұлттық компаниядан 10 миллиард  200 миллион теңге ұрланған деген ақпарат таратқан болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ