Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сербия және Босниядағы тасқынның әлі беті қайтқан жоқ

AstanaTV
21.05.2014ж. 10:00
677
Сербия және Босниядағы тасқынның әлі беті қайтқан жоқ

Сербия қазақстандықтардан гуманитарлық көмек беруді сұрауға мәжбүр болды. Қазір Сербияға үлкен қауіп төніп тұр. Бірнеше күнге созылған нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, ұлттық ауқымдағы апатқа айналды. Сондықтан да Қазақстандағы Сербия Елшілігі көмек қолын созуға үндеді.

Айта өтейік, бұл күндері Сербия мен қатар Босния және Герцеговиния сұрапыл апатпен күресуде. Ондағы су тасқыны соңғы 120 жыл ішіндегі ең алапаты деп танылды. Билік мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшіруде. Қалаларда жан баласы қалмаған. Үйлер қаңырап бос тұр. Кейбір аудандарда тасқын салдарынан көшкін болып, үйлер мен ғимараттарды қиратып үлгерген. Гақты шығын көлемі белгісіз, адам шығыны да бар. Әзірге ондаған адамның опат болғаны белгілі.