×

Ұлыбританияда ең ірі гүл шоуы ашылды

AstanaTV
21.05.2014ж. 10:00
1370
Ұлыбританияда ең ірі гүл шоуы ашылды

Лондонда әлемдегі ең ірі гүлдер шоуы ашылды. Дәстүр бойынша көрмені алғашқылардың бірі болып, Ұлыбритания патшайымы Елизавета екінші арлап көрді. Мұндағы гүлдерге қатты қызыққаны сонша, екі сағаттан астам уақыт жүрген.

Көрмеге қойылған гүлдер шын мәнінде көздің жауын алады. Раушанның жүздеген түрі мен әлі ешқайда кездеспеген су жаңа гүл түрлері де осы көрмеге шығарылды. Бұл жолы ұйымдастырушылар гүлдерді екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы бойынша безендірген. Мұндай шоуды ұйымдастыруға 500-ден астам дизайнер-флористтер тартылған. Биыл бұл шараны тамашалауға 165 мың адам келеді деп күтілуде.