Астана 2017 жылға қарай әлемнің үздік
шаһарларының қатарына қосылуы тиіс. Бұл туралы «Астана инвест-2014» 5-ші
халықаралық форумында қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов айтты.
«Елбасының қолға алуымен ел
экономикасына инвестиция тарту жұмыстарының нәтижесі көрер көзге айқын. Тың
идея, ғылыми жетістіктер, жаңа технология енгізуге қажетті инвестиция - экономиканың
қарқынды дамуының негізі. Бүгінде Астана
қаласы қай салада болмасын серпінді дамып келеді. Елорданың басты міндеті - қаланы даму үрдісінен жаңылдырмай, әлемнің
үздік шаһарларының қатарына қосу», - дейді
Астана әкімі.
Иманғали Тасмағанбетов, Астана қаласының әкімі:
Жаңадан еңсесін көтеріп келе жатқан жас қалаға инвестиция тарту мәселесі
қашанда өзекті. Бұл орайда бүгінгі бас қосу
озық ойлар мен жасампаз жобаларды ортаға салып, Астананың инвестицялық
мүмкіндігін айқындайтын диалог алаңы деп білемін. Игі дәстүрге айналған осынау
форум инвестиция саласындағы түйінді мәселелерді тарқатып, дұрыс жол ұсынады деп
сенемін.
Жұрағат БАМАН