$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Мәскеу түбінде жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтысып қалған

AstanaTV
21.05.2014ж. 13:00
1086
Мәскеу түбінде жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтысып қалған

Наро-Фоминскдегі жойқын темір жол апатына рельстің жарылып кетуі себеп болған. «ИТАР-ТАСС» агенттігі Мәскеудің көлік департаментіне сілтеме жасай отырып, осындай ақпар таратты.

Айта кетейік, Мәскеу түбінде жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтысып қалған. Молдавия көлік министрлігі апаттан 10 адам мерт болып, 50-і түрлі деңгейде жарақат алғанын мәлімдеді. Ал Ресей билігі тек 5 адам қаза тапқанын хабарлауда.

Куәгерлердің айтуынша, тауар тиеген пойыз рельстен шығып кетіп, Кишинев бағытындағы жолаушылар тасымалдайтын екі пойызды соғып өткен. Бірнеше вагонның тас-талқаны шықты. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер, пойызда қауіпсіздік ережелері сақталмаған деген пікірде. Апат болған жерде құтқару шаралары жалғасуда.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА