$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Антальяға ұшып кеткен өскемендік туристердің дауы әлі басылмай тұр

AstanaTV
23.05.2014ж. 13:00
1029
Антальяға ұшып кеткен өскемендік туристердің дауы әлі басылмай тұр

Өскемендік туристер Антальяға ұшып кеткенімен, олар өршіткен дау әлі басылмай тұр. Алғашында жолаушылар ұшатын рейсті қазақстандық «Jet Airlines» әуе компаниясы орындауы тиіс болған. Туристерге жолдама беруші «Гүлнәр Тур» аталған әуе компаниясын кінәлап, уақытында ұшақ бермеді деп мәлімдеген. Соңында өскемендік демалушыларды SCAT компаниясының арнайы ұшағы Антальяға алып кетті. Ал қайтарда оларды уағдаластық бойынша «Jet Airlines» әуе компаниясы Қазақстанға жеткізуі қажет.

Осы тұста кей сарапшылар демалыс маусымында орын алатын келеңсіздіктерге Түркия жағы түрткі болуы мүмкін деген болжам айтты. Яғни, Қазақстан үкіметі Түркияның чартерлік рейстеріне Қазақстан аумағында ұшуға тиым салған. Осыған байланысты қазақстандық ұшақтарға да Түркия әуе кеңістігінен рұқсат берілмеуі мүмкін бе?! деген сауал туындайды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ