$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Газпром» мен CNPC Қытайға газ тасымалдау бойынша келісімге келді

AstanaTV
22.05.2014ж. 10:00
1197
«Газпром» мен CNPC Қытайға газ тасымалдау бойынша келісімге келді

Ресей газы Қытайға шығыс арқылы жеткізілетін болды. Аспан асты елінде өткен Саммитте «Газпром» мен Қытайдың CNPC ұлттық мұнай-газ корпорациясы өзара келісім-шартқа қол қойды. Оған сәйкес Ресей жылына 38 млрд текше метр газды 30 жыл бойы Қытай еліне жөнелтіп отырмақ.

«Газпром» басшысы Алексей Миллердің айтуынша, келісім-шарт құны 400 млрд АҚШ долларын құрайды. Сарапшылар бұл құжат Ресей мен Қытай арасындағы «ғасыр келісім-шарты» деп бағалауда.

Илхам ИБРАГИМ