$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұшақ командирі Ақтөбеге қону кезінде қайтыс болды

AstanaTV
22.05.2014ж. 13:00
1569
Ұшақ командирі Ақтөбеге қону кезінде қайтыс болды

«Душанбе-Мәскеу» бағытымен ұшып келе жатқан ұшақтың резервтегі экипаж командирі аспанда қаза болды. Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына қонғалы тұрғанда осындай қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «Экспресс-К» басылымы.

«Тәжік Эйр» әуе компаниясының «Боинг-757» ұшағын әуежайда жедел жәрдем күтіп алған. Бірақ тым кеш еді. «Ақтөбе» халықаралық әуежайы» басқарма төрағасының орынбасары Андрей Шестаевтың айтуынша, «Тәжік Эйр» компаниясының ұшағы осында қонып жанармай құймақ болған. Бортта үнемі негізгі және резервті экипаж болатын, - дейді әуежай өкілі. Біреуі Мәскеуге дейін ұшса, екіншісі Душанбеге қайтар жолда оны ауыстырады.

Екінші ұшқыштың сөзіне қарағанда, олар тамақтанып, көз шырымын алмақ болған. Ұйқыға кеткен командирдің жүрегі тоқтап қалды. Жолаушылар арасындағы дәрігер алғашқы көмек көрсеткенімен, оны ажалдан арашалап қала алмады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА