Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Үрімші базарындағы жарылыстан 30-дан астам адам қаза тапты

AstanaTV
22.05.2014ж. 13:00
1536
Үрімші базарындағы жарылыстан 30-дан астам адам қаза тапты

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Үрімші қаласында жойқын жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша кем дегенде 31 адам қаза тауып, жүзге жуығы ауыр жарақат алған. Оқиға Үрімшідегі ірі базарлардың бірінде болды. Куәгерлердің айтуынша, екі автокөлік адам көп жүретін жерге тоқтап, жарылыс заттарын бірінен соң бірін лақтырған. Одан соң көліктің өзі де жарылып кеткен. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл лаңкестік әрекетті ұйымдастырғандарды тауып, жазалау керектігін тапсырды. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында мұны қатігездік деп атады. Қытайдың автономды ауданы саналатын Шыңжаң екі халық арасындағы түсінбеушіліктен туындайтын жанжал ордасына айналғалы қашан.

Естеріңізге салайық, 30 сәуірде Үрімшінің темір жол бекетінде лаңкестік әрекет орын алған еді. Салдарынан 3 адам мерт болып, 79-ы жараланған.

Илхам ИБРАГИМ