$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қостанайдың жастары «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды

AstanaTV
22.05.2014ж. 20:00
1424
Қостанайдың жастары «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды

Қоршаған ортаны қорғау - әрбір қазақстандықтың міндеті. Дәл осындай мақсатпен Тобыл өңіріндегі балық шаруашылық инспекторлары «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды.

Игі шараға Садчиков ауылдық орта мектебінің бір топ оқушылары да атсалысты. Саймандарын сайлап келген шәкірттер өзен жағалауын түрлі тұрмыс қалдықтарынан тазартып шықты. Игі іске білек сыбана кіріскен жоғарғы сынып оқушылары қас-қағым сәтте қапшықтарын қоқысқа толтырып жатты.

Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері бұл жұмысты мамырдың бірінен бастап тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Алдағы уақытта акцияға белсене атсалысқан тұрғындар мен мектеп ұжымын марапаттап, ықылас білдіру жоспарда бар. "Басты мақсат - қоршаған ортаны қорғауға жастарды тәрбиелеу", - дейді ұйымдастырушылар. Акция барысында инспекторларға жүктелген тапсырма - су түбін аулар мен қажетсіз тордан тазарту болды.

Қайырбек Мұсабаев, ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

Су тоғандарын тазарту деген үлкен мәселе. Қыстан кейін өзен түбінде қалып қойған аулар, ал Қытайда жасалған аулар су астында жатса да, балық аулай береді. Балық шіриді, балықтың санын азайтады. Сондықтан бір мәселе - сол суда қалып қойған ауларды шығару.

Заңғар САНАЙ