$448.13 €478.33 ₽5.58
×

Қостанайда туристердің тағы бір тобы Анталияға ұша алмай қалды

AstanaTV
23.05.2014ж. 10:00
632
Қостанайда туристердің тағы бір тобы Анталияға ұша алмай қалды

Туристердің тағы бір тобы Анталияға уақытылы ұша алмай қалды. Бұл жолы жазғы демалысын шетелге жоспарлаған қостанайлықтар әуежайда сарылуға мәжбүр болды. Олар Jet Airlines әуе компаниясының ұшағымен 22 мамыр күні таңертең Қостанайдан аттануға тиіс болған, алайда ұшпай қалды. Кейін белгілі болғандай, сапар 23 мамырға шегерілген. Бұл туралы «Гүлнәр тур» туристік агенттігінің заңгері Ирина Самойлова мәлімдеді.

Осыған ұқсас жағдай апта басында Өскеменде де болғанын еске саламыз. Нақ осы турагенттікпен келісім жасаған 100-ден аса турист үш тәулік бойы Түркияға аттана алмады. Тіпті, кейбірі билеттері мен жолдамаларын демалысты ұйымдастырушы компанияға қайтарып берді. Бірақ «Гүлнәр тур» өкілдері «Түрік билігі Jet Airlines әуекомпаниясы ұшақтарын ел аумағында ұшыруға рұқсат бермей қойды», - деп ақталды.

Жағдайды реттеуге қазақстандық тасымалдаушы тартылды. Кеше ғана әуе компаниясымен келісімге қол жеткізілгеннен кейін, шығыс қазақстандық туристер Анталияға аттанып кетті.

Илхам ИБРАГИМ