Ал, қостанайлық туристер Антальяға ұша алмай отыр. Олар да «Гулнәр тур» агенттігінен
жолдама алған. Жазғы демалысын шетелде өткізуге жоспарлағандар әуежайда
сарылуға мәжбүр. Олар Jet Airlines әуе компаниясының ұшағымен кеше таңертең
Қостанайдан аттануы тиіс болған, алайда ұшпай қалды.
Белгілі болғандай, сапар кейінге
шегерілген. Жергілікті әуежайдағы мамандар
теңіз жағалауына асыққандар тек бүгін кешкі сағат бесте көкке көтеріледі дейді.
Заңғар САНАЙ