$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент кедейшілікті жоюдың жол картасын жасау туралы ұсыныс айтты

AstanaTV
23.05.2014ж. 20:00
1343
Президент кедейшілікті жоюдың жол картасын жасау туралы ұсыныс айтты

"Қазақстан интеграциялық бірлестіктер арасындағы жемісті ынтымақтастықты қолдайды". Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференция отырысына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. «Интеграциялық бірлестіктер жемісті және сындарлы ынтымақтастық орнатуы тиіс», - деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ елбасы ХХI ғасырда ғаламға G-GLOBAL әлемінде өмір сүруді үйрену керек деді. Қазақстан орта мерзімді болашақта әлемдік өсімнің болжамды әлсіреуіне дайын болуы тиіс екенін де атап өтті. Әйгүл Әдепбай толықтырады.

Жетінші Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамасында әлемдегі кедей-кепшік пен бай-манаптың арасындағы жіктің алшақтап бара жатқанына баса мән берді. Және Қазақстанның әлеуметтік теңсіздікпен күресті күшейткенін айта келе, "Қазақстан интеграциялық бірлестіктер арасындағы жемісті ынтымақтастықты қолдайды". Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференция отырысына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. «Иинтеграциялық бірлестіктер жемісті және сындарлы ынтымақтастық орнатуы тиіс», - деді мемлекет басшысы.Сондай ақ елбасы ХХI ғасырда ғаламға G-GLOBAL әлемінде өмір сүруді үйрену керек деді. Қазақстан ортамерзімді болашақта әлемдік өсімнің болжамды әлсіреуіне дайын болуы тиіс екенін де атап өтті. Әйгүл Әдепбай толықтырады.

Жетінші Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамасында әлемдегі кедей кепшік пен бай-манаптың арасындағы жіктің алшақтап бара жатқанына баса мән берді. Және Қазақстанның әлеуметтік теңсіздікпен күресті күшейткенін айта келе, кедейшілікті жоюдың жол картасын жасау туралы ұсыныс айтты.

Қазақстан кедейшіліктің тұғырын тайдыратын жол картасын дайындау үшін арнайы алаң ұсынуға да дайын. Кешенді жоба ең алдымен Азия мен Африканың жарлы-жақыбай елдеріндегі адами капиталды дамытуға бағытталмақ. Өйткені басқа елдердегі, оның ішінде біздегі де жағдай оларға қарағанда көш ілгері.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық банкпен бірлесіп кешенді жол картасын дайындау үшін алаң ұсына аламыз. Кедейшілікті қысқарту бойынша күрес менің және Қазақстанның негізгі міндеті болып қала бермек. Біз 2015 жылға дейін ауыл халқының кедейлігін екі есеге төмендету мақсатын қойдық.

Олигархтар мен кедей-кемтік арасындағы ара қашықтықты азайтып, қарапайым қараның әлеуметтік ахуалының төмендеуіне жол бермеу. Президент қадап айтқан сөздердің бір легі осы. Десе де Қазақстан әлемдік экономиканың кезекті рет тәлтіректуіне дайын болу керек, - деді. Еуроаймақтағы дағдарыс пен Араб әлеміндегі қақтығыстар жаңа қиындықтарды тудырып отыр. Салдарынан дамушы елдерге келетін инвестиция көлемі 50 пайызға дейін төмендеуі мүмкін деген күдігін білдірді Президент. Және сан соқтырып жүрген санкциялар саясатына сынмен қарады.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан санкциялар саясатының қолданылып жатқанына алаңдаулы. Өйткені кез келген санкция ашық сауданы, ашық нарықты тежейді. Ондай тәжірибе әлем тарихында нәтиже берген жоқ. Ол жаһандық экономиканың өсіміне тосқауыл қойып, жаһандық энергетикалық жүйеге кедергі келтіреді.

Әлем экономикасының долларға байланып қалғанын сөз қылған Президент Америкаға жаһанды көк қағазға жалтақтатпай, жаңа мүмкіндік жасау керек деген кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Менің ойымша, соғыстан кейінгі дәуірден келе жатқан Бреттон-Вудc келісімі негізінде жасалған қаржылық архитектура 65 жыл ішінде әбден ескірді. 70 жыл ішінде әлем алға басты. Қазір жаңа технология, жаңа жүйе келгенімен, қаржылық архитектура сол күйі қалып отыр. Барлығымыз бір валютаға тәуелдіміз. Доллар болса, жұмыс та болады. Барлық жерде доллар. Ал ол өз кезегінде Американың экономикасына нәр беріп тұр. Сондықтан Американың осы проблема бойынша ойланып, ғаламға жаңа мүмкіндіктерде дамитын ұсыныстар енгізгені дұрыс.

Президенттің мұндай батыл мәлімдемесіне форум делегаттары қол соғып қолдау білдірді. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Украина мәселесін шешуде әлсіздік танытқанын айтпай кетпеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бізді Еуропа ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының Украинадағы дағдарысты шешуде күш таныта алмағаны алаңдатпай қоймайды. Мұның бір себебі осы ұйымды реформалау бойынша саяси ықтиярлықтың болмағанында жатыр деуге болады. 

Еуропаның Азиядағы шикізат қорынсыз, ал шығыстың батыс технологияларынсыз күні қараң екенін айтқан Президент Назарбаев қос тараптың интеграциялары арасында ынтымақтастықтың болғаны дұрыс деген пікір білдірді. Әлемдік проблемаларды сегіздікке, жиырмалыққа бөлінбей, бір жұдырықта жұмыла шешуге үндеді. Айта кетерлігі, пленарлық отырысқа Бірікен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун бейнебайланыс арқылы қосылды. Ол да әлемдегі әлеуметтік жағдайға алаңдаушылқ білдірді.

Ал Астана экономикалық форумы осымен өз жұмысын тәмамдады. Әлемнің үздік сарапшылары мен экономистерінің, алпауыт елдер өкілдерінің басын қосқан жиын Қазақстанға не берді деген сұрақ көптің көкейін теседі. Форум жемісі ертеңгі күннің еншісінде. Дегенмен қазірдің өзінде ел экономикасына сүйеу болатын бірнеше халықаралық жобалар мен келісімшарттардың жасалып, жаңа инветициялық мүмкіндіктерге жол ашылатыны даусыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ