$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Мемлекет басшысы Ақордада Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разақты қабылдады

AstanaTV
23.05.2014ж. 20:00
1150
Мемлекет басшысы Ақордада Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разақты қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разақты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриалды-инновациялық байланысты нығайту жолдарын сөз етті.

Соңғы үш жылда мемлекет басшылары үшінші рет кездесіп отыр. Бүгінде қос ел арасындағы тауар айналым 130 миллион долларды құрайды. Астана экономикалық форумына арнайы келген Малайзия премьер-министрі жиынның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Және экономикалық байланысты нығайту үшін, бірінші кезекте көлік-логистикасын жандандыру қажеттігін алға тартты. Айта кетейік, Малайзия шығыстағы экономикасы қарқынды дамыған елдердің бірі. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ