$478.93 €534.96 ₽5.16
×

2025 жылға қарай Еуразиялық экономикалық кеңістік елдеріне ортақ қаржы жүйесін реттейтін орган құрылады

AstanaTV
23.05.2014ж. 20:00
1502
2025 жылға қарай Еуразиялық экономикалық кеңістік елдеріне ортақ қаржы жүйесін реттейтін орган құрылады

2025 жылға қарай Еуразиялық экономикалық кеңістік елдеріне ортақ қаржы жүйесін реттейтін орган құрылады. Бұл туралы Астана экономикалық форумы аясында өткен жиында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Жаңа ұйым кеңсесі Алматыда орналасады.

Айта кетсек, осыдан біршама уақыт бұрын Еуродаққа тән Орталық банк құрылады деген сыбыс тараған. Оны Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жоққа шығарған еді. Ал Бас банкир бүгінгі айтылған ұйым елдің монетарлық саясатына араласпайды деп сендірді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Ортақ қаржы жүйесінің органы қаржы секторын реттеумен айналысады. Бүгінде бұл әр елдің ұлттық, орталық банктерінің міндетіне айналған. Ал 2025 жылы құрылатын орган банктерді тексермейді. Жаңа заңдар мен ойын шарттарын ойластырады. Оған 10 жыл ішінде дайындаламыз. Қазір заңнаманы бір іздендірілендіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ