Тағы бір оқу жылы аяқталды. Кейбір оқушылар үшін бұл кезекті жазғы демалыс болса,
мектеп бітіруші түлектер үшін ұмытылмас сәт болып қалатыны анық. Балалық шақты
артқа тастап, үлкен өмірге қадам жасайтын кезең. Сондықтан,
мектеп бітірушілер үшін кеше еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау
соғылды.
Биыл Қазақстанда 134 мың 648 оқушы
мектеп бітіреді. Білім және ғылым
министрлігінің мәліметінше, ҰБТ өткізуге арналған 154 пункт дайындалуда. Сынақты
ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылған. Шамамен 92
мың 77 түлек сынаққа қатысуға ниет білдірген.
Айта кетейік, биыл ұлттық бірыңғай
тестілеу форматы өзгеріссіз қалып отыр. Науқан
маусымның 2 мен 9-ы аралығында өткізіледі. Ал, Алматыдағы №141 жалпы білім
беретін мектепте 62 түлек бітіріп жатыр.
Күләй Мұстафақызы, Алматыдағы №141 жалпы білім беру
мектебінің директоры:
Мына бүгінгі түлектерге алдағы ҰБТ-ден сәтті өтуді тілеймін. Үлкен азамат болсын. Ұстаздардың, ата-аналарының көз
қуанышы болсын!
М.СЕРІКҚЫЗЫ