$478.93 €534.96 ₽5.16
×

78 жасар студент Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн бөлімін тәмамдады

AstanaTV
23.05.2014ж. 20:00
1375
78 жасар студент Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн бөлімін тәмамдады

Сексенге жақындаған сеңгір көгінде жоғарғы оқу орнын бітіріп, диплом қорғау дүние жүзінде сирек кездесетін жағдай. Композитор, музыкатанушы, публицист, жазушы Ілия Жақанов сол "сиректердің" қатарына енді. 78 жасында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн бөлімін тәмамдады. 

Ілия Жақанов, композитор, суретші:

Дипломдық жұмысым триптих мынау, «Жерұйық» деп аталады. Алтайдың көрінісі. Брусиловскийдің әні бар емес пе? Өр Алтай, асқан Алтай, асқар Алтай, Анамдай әлпештеген жастан Алтай - міне, сол қасиетті Алтай!

Ілия Жақанов дипломды не үшін қорғады? Басты мотиві не? Ертең 20.30 «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан Жақановтың портретін көре аласыздар.