$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Еуропарламент жетекшілерінің сайлауы өтуде

AstanaTV
26.05.2014ж. 10:00
1171
Еуропарламент жетекшілерінің сайлауы өтуде

Ұлыбританияда өткен Еуропарламент сайлуында тәуелсіз патшалық партиясы жеңіске жетті. Бұл жайлы алдын ала дауыс санау қорытындысы бойынша белгілі болды.

Дауыс санау таңға жуық аяқталады. Қазір түскен ақпаратқа сәйкес, сайлауда еурокеңестен шығу бағытын ұстанған UKIP партиясы жеңіп шыққаны белгілі болды. Оларға халықтың 29% дауыс берді. Ұлыбритания тәуелсіз партиясы соңғы уақытта халық ішінде танымалдығын арттырып, консерваторларға мықты бәсекелестік танытты. Партия жетекшісі Найджел Фараджаның ұстанымы көпшілік көңілінен шығып отыр. Еуропарламент сайлауына дауыс беретіндердің саны 388 миллионнан асады.

Күтілгендей, радикалды оңшыл және солшыл бағыттағы партиялардың жинаған даусы 25%-дан аспайды. Сайлаудың толық қорытындысы 26-шы мамырда белгілі болады.

Найджед Фарадж, UKIP жетекшісі:

Еуропарламент сайлау қорытындысы жер сілкінісіне тең болады. Британия тарихында оппозициялық партия сайлауда жеңіске жетіп көрмеген. Демек, бұл британ саясатындағы соңғы жүз жылда болған айрықша қорытынды.

Самат ҚАНАҒАТОВ