$487.37 €532.94 ₽5.09
×

«Өзге пікір» айдары

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
2668
«Өзге пікір» айдары

Жауап нақты  болмаса да, түсінікті... Қазір Марат Ерназарұлы жүргізетін «Өзге пікір» айдары.

Тақырып:  көлік емес, велосипедімді әкеліңдер!..

Ассалаумағалейкүм! Павлодарда мектепке болоньді шалбар киіп келген баланы мансұқ еткен мұғалім ...«көп күлгеннің» кебін киді... 

 Ал Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің велосипедке отыру идеясына қалай қарайсыз? Жас басшы мегаполистің лас ауасымен велосипедке отырып күреспек.

Бауыржан Байбек  Алматы қаласының әкімі:

Көліктерімізді түгелдей  газға ауыстырамыз. Менімен бірге әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке көшеді. Егер біз үлгі көрсетпесек, кім көрсетеді?

Ал сіз, жайлы, әрі жылы көлікпен жүрсеңіз, Бауыржан Байбектен үлгі алар ма едіңіз?  Қымбат машинаңызды тастап, велосипедке отырасыз ба? Бұған дейін қалталы алматылықтардың көліктерін тіпті жылтылдаған қымбат тастармен безендіріп тастағанын көрген едік. Олар қайтеді екен?! Пікірлерге құлақ түрейік.

Оқырман:

Велосипедші ме? Ертегінің не керегі бар? Оған отырсаң, терлейсің. Сондықтан жұмыста душ кабиналары болуы керек. Ал олар жоқ. Жағдай болмаса, қайдағы велосипед?

Евгений:

Қызық, өздерінің қымбат көліктерін қайда жібереді екен?

007:

Мұқтаж жандар қорына немесе қарттар мен балалар үйіне сыйлайды.

Болат:

Байбектің бастамасы жақсы. Бірақ біздің менталитет бөлек қой. Қалай болар екен?

Zegna: Өзіне дейінгі әкім сияқты жексенбі күндері веложарыс ұйымдастырумен шектелетін шығар. Қалған уақытында көлікпен жүреді. Өзі айтты ғой, қызметтік көліктерімізді газға көшіреміз деп.

Тақырып: ұстаздың «ұлылығы»...

Студияда жүргізуші: Павлодарда педагог мектепке болоньды жылы шалбар киіп келген баланы мазақ қылғаны үшін қызметінен қуылды. Оқушылар күлсе бір жөн, ал ұстаздың келемеждеуі, тәрбие берудің жаңа үлгісі ме? Оқиға қаладағы нөмірі 30-шы мектепте болған. Бесінші сынып оқушысы мектеп формасын кимейді екен. Түсі қара, болоньды шалбармен келетін болған. Ескертуіне құлақ аспағасын әлеуметтік педагог баланы ертіп алып, әр сыныпты аралаған. Оқушыларға оның киімін көрсетіп, мазақ қылыпты. Үйіне келген бала, мектепке бармаймын деп жылаған. Оқушының анасы прокуратураға арызданбақ болғанда, ұстаздар оның үйіне барып, аяғына жығылған. 

Аноним: Жазалағаны дұрыс болған. Әйтпесе мектептерде өз бетінше басқару белең алып барады. Мұғалімдерге еркіндік беріп қойған. Олар не, институтта психологияны өтпеген бе?

Аноним: Оқушыға мұндай психологиялық салмақ сала ма екен... Жұмысынан шығарғаны дұрыс болған. Еңбек кітапшасына статьясын жазып беру керек еді.

Аноним: Педагогтікі дұрыс!

Аноним: Бұрын ұстаздар әлдеқайда қатал болатын. Оқушылар олардан қорқатын, сыйлайтын. Ал қазір бірдеңе бола қалса, ата-анасына жүгіреді. Ал олар прокуратураға арызданады. 

Аноним: Менің балам алтыншы сыныпта оқиды. Бірде келіп мені басқа сыныпқа ауыстыр, тарих пәнінің мұғалімі мені мазақ қылды, ұрысты деп тұр. Мен оған ертең барасың да, мұғаліміңнен кешірім сұрайсың,- дедім. Ата-аналар, балаларыңды дұрыс тәрбиелеңдер. Ұстаздың робот емес, шаршайтын адам екенін түсіндіру керек. Мұғалімдерді айыптамас бұрын, балаңмен жұмыс жасау керек.

Баланы жастан...» деген сөз есіме түсіп кетті. Әйтсе де тәрбие деген «менікі ғана дұрыс» деген менміндікке бағынбайтын күрделі дүние. Оның үстіне «біздің кезімізде былай еді» деген әңгіме жарамайды. Біздің уақытты «сіздің кезеңге» сала алмайсыз... Ал сіз пікір білдіруден шаршамаңыз. «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!