$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Kcell компаниясының топ-менеджерлері ірі көлемде қаржы алаяқтығын іске асырды деген күдікке ілікті

AstanaTV
27.05.2014ж. 13:00
576
Kcell компаниясының топ-менеджерлері ірі көлемде қаржы алаяқтығын іске асырды деген күдікке ілікті

Kcell компаниясының топ-менеджерлері ірі көлемдегі қаржы алаяқтығы үшін күдікке ілікті. Бұл туралы «ҚазТаг» агенттігі құқық қорғау органдарындағы сенімді дерекшіге сілтеме жасап хабар таратты.

Ал, телекомуникация саласындағы тағы бір дерекші Kcell-де қазір қаржылық заңбұзушылыққа қатысты тергеу жүріп жатқанымен бөліскен. Менеджерлердің жартысы жұмыстан шығып кеткен, ал қалғаны шет елде дейді.

«Ұялы телефон операторларын тексеру қалыпты жағдай. Бірақ бұл әрекерт табысты компанияны нарықтан ығыстыру үшін жасалуы мүмкін. Акциясын сатуға мәжбүрлеу қиын, сондықтан өз дегендеріне көндіріп, ортақ талапқа бағындыру үшін осындай әрекет жасалуы ықтимал», - дейді дерекші.

Айта кетейік, жақында ғана Kcell компаниясына бәсекелестікті қорғау агенттігі 16 миллиард теңге айыпұл салған. Сот барысында ол 325 миллион теңгеге дейін төмендеді. Сарапшылар компания басына туған қиындықтарды «Қазақтелеком» сияқты ықпалды акционерден бөлініп шығуымен де байланыстырады.

Айта өтейік, Kcell Қазақстанда ұялы телефон нарығына алғаш қосылған компания. 1998 жылдан бері жұмыс істейді. 9 миллион абоненті бар. 61,9% акциясы швед-фин бірікен Telia Sonera холдингіне тиесілі.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА