$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Орал әуежайындағы ұшу алаңында жарық пен дыбыс қондырғылары болмағандықтан рейстер кейінге қалдырылуда

AstanaTV
02.11.2015ж. 20:00
1297
Орал әуежайындағы ұшу алаңында жарық пен дыбыс қондырғылары болмағандықтан рейстер кейінге қалдырылуда

Орал халықаралық әуежайы күндізгі жұмыс тәртібіне көшкен.  Жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен ұшу-қону алаңында жарық пен дыбыс беру қондырғылары орнатылмаған. Бұл жөнінде әуежай басшылығы хабарлады. Осы себепті Bek Air әуекомпаниясының Оралдан Алматыға ұшуы тиіс ұшағы жолдан қалды. Әуе кемесі тек бүгін таңертең ғана ұшып кеткен. Әуежайдың бас директоры: «қондырғылар желтоқсанға дейін орнатылады,тек сол кезде ғана қалыпты жұмыс тәртібіне көшеміз» дегенді айтты.

Хайретдин Расқалиев, «Орал» Халықаралық әуежайы» ЖШС бас директоры:

Ұшақты радиотехникалық қондыру жүйесі орнатылған жоқ. Оны қондыру жұмыстары желтоқсан айына дейін созылуы мүмкін. Ал жарық-дыбыс беру қондырғысын тексеру үшін ұшақты ұшырып тексеру керек. Шамамен, 20-қарашаға дейін тексереміз деп отырмыз. Осы жұмыстар жасалғасын ғана ұшуға сертификат беріледі.

Сондай-ақ, әуежай бас директорының айтуынша, жаңа халықаралық және ішкі рейстерді орындауға, отандық «Скат» және ресейдің «Аэрофлот» әуекомпаниялары тапсырыс берген. Шетелдік әуекомпаниясы Оралдан Мәскеуге қатынайтын бағытқа, оған қоса Еуропаның қалаларына жаңа бағыт ашуды ұсынады. «Дегенмен бұл жобалар, әзірге болашақтың еншісінде»,- деді Хайретдин Расқалиев.

Е.КАРИН