Украина Ресейден "Черноморнефтегаз" компаниясына тиесілі 2
миллиард текше метр газ үшін 1 миллиард доллар төлеуді талап етеді. Бұл туралы
премьер-министр Арсений Яценюк мәлімдеді. "Егер 29-на дейін "Нафтогаз" бен "Газпром" арасында тиісті келісімге қол қойылмаса, ресейлік "Газпроммен" тек
сотта кезігеміз", - деді Яценюк.
Ал Мәскеу өз кезегінде Киевтен газ қарызы үшін
2 миллиард доллардың өтемін күтіп отыр. Украина, Ресей және Еуропалық одақ
өкілдерінің газ мәселесі бойында Берлинде өткен кездесуінен кейін тараптар
осындай ұйғарымға келді. Ресейдің ұстанымы мынадай: Украина қарызды тез арада
өтеуге міндеттеледі. Ақша "Газпромның" шотына бейсенбіге дейін түсуі
тиіс.
Оған қоса, Украина 7 маусымға дейін тағы 500 миллион доллар аударуы тиіс.
Компания басшысы Александр Миллер, егер маусымның төлемін алдын-ала
аудармаса, Ресей 3 маусымда Украинаға газ тасымалдауды тоқтататынын ескертті. Еске салайық, "Нафтогаздың" "Газпром" алдындағы
қарызы бүгінде 3 миллиард 500 миллион доллар.
Арсений Яценюк, Украина премьер-министрі:
Қырым автономды республикасы аумағындағы "Черноморнефтегаз"
арқылы алған 2 млрд 200 млн текше метр газды Украинаға қайтару мәселесі бойынша
Ресейден жауап күтеміз. Ал оның құны "Газпромның" бағасымен
есептегенде, 1 миллиард АҚШ долларына тең.
Жұрағат БАМАН