$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сергей Кулагиннің сенаторлық қызметі тәмамдалды

AstanaTV
27.05.2014ж. 20:00
1002
Сергей Кулагиннің сенаторлық қызметі тәмамдалды

Ал Сергей Кулагиннің сенаторлық қызметі тәмамдалды. Енді ол тағы да әкім. "Президент жарлығымен сенатор Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындалды", - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі күнге дейін облысты Қосман Айтмұхаметов басқарды.

Ресми ақпарат бойынша, бұрынғы әкім басқа қызметке ауысады. Сергей Кулагин Ақмола облысына бөтен емес. Өңірді 1998 жылы басқарды. Ал 2004-2012 жылдар аралығында Қостанай облысының әкімі қызметін атқарды. 2012 жылдың 20 қаңтарынан Сенат депутаты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ