$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қытайда екі тоннаға жуық жарылғыш зат сақталған қойма табылды

AstanaTV
27.05.2014ж. 20:00
1229
Қытайда екі тоннаға жуық жарылғыш зат сақталған қойма табылды

Шыңжаң - Ұйғыр автономды аймағында полиция бес террористті қолға түсірді. Құрықтау операциясы барысында олардан 2 тоннадай жарылғыш зат табылған. Қытай баспасөзі ұсталғандар "Шығыс Түркістан Ислам қозғалысының" мүшелері екенін хабарлады. Бұл қозғалысты Бірікккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік қызметі террористтік топтар тізіміне енгізгені мәлім.

Айта кетейік, жуырда Қытай билігі терроризмге қарсы бір жылдық ауқымды науқан бастады. Қытайдағы соңғы теракт 22 мамырда Үрімші қаласында болды. Салдарынан 39 адам мерт болып, 100 - ден астамы түрлі жарақаттар алды. 

Жұрағат БАМАН