$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Рудный полициясы жоғалған Виктория Ганяны іздестіруге салғырт қарады ма?

AstanaTV
27.05.2014ж. 20:00
940
Рудный полициясы жоғалған Виктория Ганяны іздестіруге салғырт қарады ма?

"Виктория Ганяны іздестіруде салғырттық танытқан рудныйлық полицейлер жауапқа тартылсын". Қостанай облысының тұрғындары осындай талаптарын ішкі істер департаментінің бастығы Тілеген Мәткеновке жолдап жатыр.

Еске салайық, бір ай бұрын із-түссіз кеткен жеті жасар қыздың мүрдесін еріктілер тобының мүшесі Владимир Радченко тапқан болатын. Бірінші сынып оқушысын қылмыскер Рудный-Тобыл тас жолы маңындағы құрылыста өлтіріп, көміп кеткен. Ал полиция қызметкерлері дәл сол жерді бірнеше рет тінтіген. Алайда іздеу шаралары нәтиже бермеді.

Жергілікті сақшылардың бұндай салғырттығына аймақ тұрғындары наразылық білдіруде. Олар құқық қорғаушыларды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Тұрғындардың хаттары ішкі істер департаментінің ресми сайтында жарық көрді. Қостанай облысының ішкі істер департаменті бүгінде ведомствода тиесілі қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, аталған істің ақ-қарасын анықтау жұмыстарына тәжірибелі тергеушілер мен із кесушілер тартылғанын хабарлады.

Заңғар САНАЙ