$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстанның алты облысында жел мен жауын-шашынның салдарынан дауыл тұруы мүмкін

AstanaTV
28.05.2014ж. 10:00
1484
Қазақстанның алты облысында жел мен жауын-шашынның салдарынан дауыл тұруы мүмкін

Қазақстанның алты облысында жел мен жауын-шашын болып, дауыл тұруы мүмкін, - деп хабарлайды «Қазгидромет».

29-31 мамыр күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, арты қарға айналуы мүмкін, желдің үдеуі секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Желдің ұйытқуы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жалпы, 28-мамырдан 2-маусымға дейін еліміздің солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ шығысында ауаның орташа температурасы түнде 1-8 градус, күндіз 7-12 градус болуы мүмкін, - дейді синоптиктер.