$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматы мешіті ҰБТ алдында оқылатын дұға жариялады

AstanaTV
28.05.2014ж. 20:00
2922
Алматы мешіті ҰБТ алдында оқылатын дұға жариялады

Құдайға сен, бірақ біліміңе сүйен! Алматыдағы Орталық Мешіт имамдары Ұлттық бірыңғай тест тапсырушы түлектерге дұға оқуға кеңес беріпті. «Тест қарсаңында түлектер күндіз-түні ұйқы көрмей, алдағы сынақтан сәтті өтуді тілеп жүр. Табыстың екі құрамдас бөлігі туралы ұмытпау керек: ол Аллаға сыйыну және көмек сұрау» делінген мешіттің ресми сайтындағы ақпаратта.

Мешіт имамдарының айтуынша, тесттен жоғары балл алу үшін арнайы дұға-тілекті бірнеше мәрте қайталап оқу керек.

Нұрболат Дүйсебаев, Алматы қалаcы орталық мешітінің наиб имамы:

«Аллахумма, ля сахля илля ма джа'альта-ху сахлян, ва Анта тадж'алю-ль-хазна иза ши'та сахлян!». Бұл сөздің мағынасы, ия Аллаһым сен жеңілдік жасағаннан артық ешқандай жеңілдік жоқ, сен бір ауыртпашылықты жеңілдік қып қаласаң, сен соны жеңілдік қып істейсің, деген мағынадағы дұға.

Дегенмен, дұғаның күшіне сеніп, тестілеуге дайындықсыз баруға болмайтынын ескертеді.

М.СЕРІКҚЫЗЫ