Өскеменде Ресей Федерациясының Бас консулдығы ашылды.
Айтулы шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников
қатысты.
Бұл - Қазақстан аумағында ашылған
Ресей елінің үшінші консулдығы. Ресей
азаматтарына құқықтық көмек көрсетумен қатар, Қазақстан мен көрші ел арасындағы
қарым-қатынастың нығаюына үлес қоспақ. Ресей елімен шекаралас аймақ
болғандықтан, Бас консулдық Шығыста ашылып отыр.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Шынымен де, бүгін ерекше күн. Біздің
өңірімізде ерекше оқиға. Ел аумағындағы үшінші консулдық ашылып отыр. Екі ел
арасындағы береке-бірліктің дамуына, нығаюына еңбек етеді деген ойдамыз.
Қарым-қатынасымыз осылай нығайа түседі.
Қанат ОРАЛБЕК