$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ДАИШ Қазақстанда террорлық ұйым деп танылды

AstanaTV
02.11.2015ж. 20:00
1432
ДАИШ Қазақстанда террорлық ұйым деп танылды

ДАИШ Қазақстанда террорлық ұйым деп танылды. Бас прокуратураға қарасты есеп комитетінің сайтында жарияланған мəліметке сай Астана қаласының Есіл аудандық соты 15-қазанда шешім қабылдаған. Сонымен, ДАИШ Қазақстандағы іс әрекетіне тыйым салынған ұйымдар тізімінде 17-ші болып тіркелді. Олардың арасында атышулы «Әл-Каида», «Хизб-ут-Тахрир» «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Мұсылман бауырлар», «Талибан» секілді бірнеше ұйымдар бар. Айта кетейік, бұған дейін ДАИШ Қазақстанда ресми түрде террористік топ деп танылмаған еді. Бас прокуратура «топтың әрекетінен сотқа жүгінуге жеткілікті негіз табылса ғана ол экстремистік деп танылады» деген мәлімдеме таратқан. Әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Ресейде де  аталған топ  лаңкестік деп танылып, әрекетіне тиым салынғаны белгілі.

Б.ОТЫНШИЕВА