$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Шығыс Қазақстан облысы Алтай өлкесімен телекөпір өткізді

AstanaTV
29.05.2014ж. 10:00
1214
Шығыс Қазақстан облысы Алтай өлкесімен телекөпір өткізді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай өлкесімен телекөпір өткізді. Сарапқа салынған басты тақырып - Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы экономикалық одақтың тиімділігі болды.

Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінің арасындағы тығыз мәдени байланыс пен қатар экономикалық алыс-беріс те гүлденіп тұр. Мысалы, Семей қаласында соңғы 5 жыл ішінде «Беларусь» тракторларын құрау қолға алынған. Осы уақыт аралығында 5 мың трактор зауыттан шығарылды.

Жоғарғы оқу орындары мен медициналық мекемелер арасындағы байланыс та тығыз. Өткен жылы Шығыс Қазақстанның көрші елдермен тауар айналымы 1 миллиард теңгеге жеткен. Еуразиялық экономикалық одақ үш ел арасындағы байланысты одан ары нығайта түсері сөзсіз, - дейді өңір басшылары мен кәсіпкерлер.

Бердібек Сапарбаев
, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Біз бұл экономикалық одақ үш ел арасындағы сауда-саттықты бұдан әрі жандандыра түседі деген ойдамыз. Бізге жаңа мүмкіндіктер ашылып тұр. 170 миллион тұтынушы мен 200 миллиярд теңгенің тауарын айналымға салу мүмкіндігі бар.

Петр Рудник
, Могилев облысының өкіліБеларусь:

Бұл қадам біздің елбасыларымыздың көп жылғы еңбегінің жалғасы. Кедендік одақ құлағаннан кейін де біздің достығымыздың берік екендігінің дәлелі.

Александр Карлин
, Алтай өңірінің губернаторы, Ресей:

Біздің тауар айналымымыздың үштен бір бөлігі Қазақстанға келеді. Оның ішінде Шығыс пен Павлодар облыстары - біздің сенімді серіктестеріміз.

Қанат ОРАЛБЕК