Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Америка әскері 2014 жылдан кейінде Ауғаныстанда қалуы ықтимал

AstanaTV
29.05.2014ж. 10:00
711
Америка әскері 2014 жылдан кейінде Ауғаныстанда қалуы ықтимал

Америка әскері 2014 жылдан кейінде Ауғаныстанда қалуы ықтимал. Егер екі елдің басшысы қауіпсіздік туралы келісімге қол қойса, елден әскери күш шығарылмайды. Құрама штаттар басшысы Барак Обама осыны мәлімдеді. Ресми мәлімдеме Обаманың Ауғаныстанға сапарынан соң жасалды.

Еске салсақ, Ауғаныстан президенті Хамид Карзай Барак Обамамен кездесуден бас тартқан еді. Карзай Кабулдан Баграм әуе базасына бармай қойды. Ауған басшысы бұған дейін екі жақты қауіпсіздік туралы келіссөзге де қол қоюға келісім бермеген-ді. Ақ үй басшысы болашақта Карзайдың орнына келетін жаңа президентпен келісім-шарт жасауға мүдделі.

Айта өтейік, бүгінде Ауғаныстанда президент сайлауы жалғасуда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА