Бүгін еліміз бойынша ҰБТ тапсыру басталды. Биыл мектеп
бітірген 133 мың түлектің 92 мыңы сынақтан өтеді. Оның iшiнде 63 мыңы қазақ
тiлiнде, ал 28 мыңы орыс тiлiнде тест тапсырады.
Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жыл сайынғы форматта өтеді.
Түлектер ерікті түрде тапсырады. Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін шара
арнайы жабдықталған 155 пунктте өтеді. 107 ҰБТ өткiзу пунктi аудан
орталықтарындағы мектептерде, 48-i облыстық және Астана, Алматы қалаларындағы
Жоғарғы оқу орындарында орналасады. Барлығы 1585 аудитория қолданылады. Бiлiм
және ғылым министрлiгiнен 1700 бақылаушы сынақтың әділ өтуін қадағалайды.