$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қыркүйек айынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шартын ратификациялау жұмыстары басталады

AstanaTV
02.06.2014ж. 10:00
1213
Қыркүйек айынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шартын ратификациялау жұмыстары басталады

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шартын ратификациялау жұмыстары басталады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Айрықшы істер жөніндегі елшісі Асан Қожақов мәлімдеді.

Айтуынша, 6 айдың ішінде шартты қайта өңдеп, ҚР Парламентіне енгізу қажет. Яғни, ратификациялау үдерісі басталады. Айта өтейік, құжат 1000 беттен 28 бөлімнен, 118 баптан және бұл құжаттың ажырамас бөлігі саналатын 33 қосымшадан тұрады.

Асан Қожақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айрықша істер жөніндегі елшісі:

2015 жылдың бірінші қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды. Біріншіден, бізге шартты Парламенттің қарауына енгізу қажет болады. Яғни, ратификациялау процесін бастаймыз. Бұл процесс қыркүйек айында басталып, бір-екі айға созылады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА