Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті
лауазымына сайланған Петр Порошенконы құттықтады. Бұл туралы Ақ орданың
баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті сайлау нәтижелері
өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп,
қоғамды біріктіруге бағытталған П.Порошенконың сайлауалды бағдарламасының
кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен.
Қазақстан Президенті жаңа сайланған
Украина президентіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық және
бақ-береке тіледі.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ