$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Оралда арнайы комиссия апатты үй ахуалына сараптама жасауда

AstanaTV
02.06.2014ж. 20:00
1227
Оралда арнайы комиссия апатты үй ахуалына сараптама жасауда

Оралда бір жақ бөлігі шөгіп, бүлінген үйдің қабырғасы арнайы сараптама жұмыстары аяқталмай жатып, қайта қалануда. Бұл жұмыстар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ұйғарымымен жүргізілуде. Құрылысшылар опырылған қабырғаға бекітілген тіреулерді бір-бірлеп алып, оның орнын таспен қалауға кіріскен.

Бұрынғы терезенің орнын бітеу қабырғаға айналдырған мамандар, ғимараттың енді опырылмасына сенімді. Қазір үйдің айналасындағы қоршау әлі алынбаған. Үйге газ бен су, электр жарығы қайта берілгенімен, тұрғындар бұл үйге түнеуге жүректері дауаламай жүргендерін айтады. Пәтерінен айрылған 12 отбасыға қалалық әкімдік уақытша паналауға пәтер ұсынғанымен, олардың екеуі бұл ұсыныспен келіспепті. Ал қалғандары тума-туыстарын сағалап жүр.

Қайрат Мұқамбетқалиев, Орал ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

Қазір сараптама жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар біткесін, үйді күрделі жөндеу жобасы дайындалады. Төтенше жағдайлар басқармасы арқылы қажетті қаржы қарастырылып, барлық жөндеу жұмыстары мемлекет есебінен жүргізіледі. Бірақ болашақта осы апатқа кінәліні анықтап, сотқа береміз. Келген шығынды дүкен иесінен өндіруді талап етпекпіз.

Еркін ҚАРИН