$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Ұялы телефон арқылы тараған хабарламадан оралдықтардың үрейі ұшып отыр

AstanaTV
03.06.2014ж. 10:00
1718
Ұялы телефон арқылы тараған хабарламадан оралдықтардың үрейі ұшып отыр

"Банан жегенде сақ болыңыз! Өйткені, ВИЧ індеті осы өсімдіктен жұғады!". Ұялы телефон арқылы тараған осы хабарламадан оралдықтардың үрейі ұшып отыр. Экзотикалық өнімнің отаны Африка елінде СПИД-тің кең етек жаюы оралдық тұрғындардың қорқынышын еселей түскендей. Алайда жергілікті мамандар ВИЧ кеселінің азық-түлік арқылы таралатынын теріске шығарып, қауесетке сенбеуге шақырады.

Өйткені, адамнан адамға ғана жұғатын аурудың қоздырғышы тек адам ағзасында өмір сүреді. Сондықтан, аурудың тағам өнімдері арқылы таралуы қисынсыз нәрсе, - дейді СПИД орталығы мамандары. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында аталған дертті жұқтырған 496 дерегі тіркелген. Ал жыл басынан 21 адам осы аурумен шағымданған. Дегенмен, дәрігерлер тазалық шараларын сақтауды қатаң ескертеді. Өйткені, биік ағаштың басында өсетін бананның мыңдаған шақырымды артқа тастап дастарханға жуылмай келуі инфекциялық жұқпалы аурулардың пайда болуына негіз болады.

Раушан Еламанова, БҚО СПИД орталығы бөлімінің меңгерушісі:

Банан арқылы адамның иммун тапшылығының вирусы жұғады деген ақпарат біздерге келіп түскен жоқ. Және осы тұрғандарға айтатыным, бұл - жалған ақпарат. Яғни, адамның иммун тапшылығының вирусы тек қана үш жолмен беріледі. Бұл - жыныстық қатынас арқылы, қан арқылы және үшіншісі анадан балаға беріледі.

Еркін ҚАРИН