$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Ақмола облысында бруцеллезге шалдыққан 608 ірі қараның көзі жойылды

AstanaTV
03.06.2014ж. 10:00
1739
Ақмола облысында бруцеллезге шалдыққан 608 ірі қараның көзі жойылды

Ақмола облысында бруцеллезге шалдыққан 608 ірі қара мен 1200-ге жуық ұсақ малдың көзі жойылды. Ең сорақысы, індет Ерейментау ауданының тұрғындарына да шапты. Бүгінгі таңда екі адам қатерлі ауруды жұқтырып емделсе, тағы 3-уі тексерістен өтіп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрi Гүлмира Исаева хабарлады. Айтуынша, ауданда соңғы 5 жыл ішінде эпидемиологиялық жағдай ушыққан. Дегенмен бүгінгі таңда оң өзгеріс байқалып отыр.

Гүлмира Исаева ҚР, Ауыл шаруашылығы вице-министрi:

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай біртіндеп басылып жатыр. Індет жұқтырған малдың басы жойылды. Ерейментау ауданының екі тұрғыны бруцеллез деген диагнозбен ем алып, ауруханадан шықты. Қалған үшеуінің диагнозын әлі қойған жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА