Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада Президент жанынан «Жасыл экономика» жөніндегі кеңес құрылды

AstanaTV
03.06.2014ж. 10:00
1540
Астанада Президент жанынан «Жасыл экономика» жөніндегі кеңес құрылды

Президент жанынан Қазақстанның «Жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі кеңес құрылды. Тиісті жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңеске үкімет басшысы төрағалық етеді. Ал жұмысшы органы - Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі. Жаңа құрылым Қазақстанның «Жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі тұжырымның жүзеге асырылуын бақылап, бағалау жасап, тиісті шаралардың орындалу стратегиясын айқындауға артылмақ. Бір сөзбен айтқанда, кеңес «Жасыл экономикаға» көшу бойынша маңызды мәселелерді шешеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ