$499.51 €525.83 ₽4.62
×

АҚШ-та Диас Қыдырбаевтың адвокаты ФТБ берген куәлігін есепке алмауды сұрады

AstanaTV
03.06.2014ж. 13:00
1690
АҚШ-та Диас Қыдырбаевтың адвокаты ФТБ берген куәлігін есепке алмауды сұрады

Диас Қыдырбаевтың қорғаушысы Бостон сотынан студенттің Федералды тергеу бюросына берген мойындау көрсетпесін ескермеуді сұрады. Олар Қыдырбаевтың ағылшын тілін толық білмейтінін алға тартады. Оны дәлелдеу үшін тіл мамандарын тартқан.

Айтуларынша, жарылыстан кейін қолға түскен Қыдырбаев тергеушілер таққан айыптың мағынасын түсінбесе керек. Адвокаттар, тергеу тобы Қыдырбаевтың тіл білмеуін пайдаланып, оған кері ықпал етуге әркеттенгенін айтады. Дүйсенбіде өткен сот отырысында Диас Қыдырбаев аудармашының көмегіне жүгінді. Ал,The Boston Globe басылымы бұған дейін оның тілмәштің көмегінсіз түсініскенін алға тартады.

Еске салсақ, былтыр сәуірде Бостон қаласында болған жарылыстан 260 адам қаза болды. Оны ұйымдастырған Джохар мен Тамерлан Царнаевтар тұтылған. Ал, Джохардың достары - қазақстандық екі студент, айғақтарды жоюға көмектескендері үшін айыпталды. Егер кінәлары дәлелденсе, олар 25 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА