Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

АҚШ-та киберқылмыскерлердің ірі тобы құрықталды

AstanaTV
03.06.2014ж. 13:00
1186
АҚШ-та киберқылмыскерлердің ірі тобы құрықталды

Федералды тергеу бюросы ресейлік Евгений Рогачевті іздеуде жүрген қауіпті қылмыскерлер тізіміне енгізді. Бұл ақпаратты «Рейтерс» агенттігі таратты.

Рогачев, банк жүйесіне зақым келтіретін компьютерлік код ойлап шығарған. Прокуратура қызметкерлерінің пайымдауынша, 30 жасар хакердің кесірінен бірнеше ірі банк зардап шекті.

Айып тағушылар, Рогачев пен оның сыбайластары мыңдаған корпоративтік компьютерлерді зақымдап, құпия сөздерді ұрлаған. Бұл залалдан келген шығын жүз миллион доллардан асады. Федералды тергеу бюросы Рогачевтің Анапа қаласында тұратынын анықтады. Сондай-ақ, оның Краснодар қаласында жылжымайтын мүлігі бар екені белгілі болды.

Самат ҚАНАҒАТОВ