$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мемлекет ақшасын жымқырып, шетел асқандардан шығынды қайтару мүмкін болмай тұр

AstanaTV
09.11.2015ж. 20:00
1478
Мемлекет ақшасын жымқырып, шетел асқандардан шығынды қайтару мүмкін болмай тұр

Қазақстан қазына қаражатын жымқырып, шет елге тайып тұрған мыңнан астам қашқынды елге қайтара алмай отыр. Біздің арна жолдаған сауалға Бас прокуратура өкілдері осылай деп ресми жауап қатты.

Еуропа елдерінде балқып-шалқып өмір сүріп жатқан қашқындардың өзін қайтарып алмақ түгел, ұрланған ақшаны өндіру мүмкін болмай тұр. Шет елдік құзырлы органдар көп жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты келісім жоғын алға тартып, біздің сұранысты қабылдамайды. Осы орайда Бас прокуратура көпжақты 4 халықаралық және екіжақты 23  келісімге қосылуға ынта білдірген.

Ал 2018 жылы 1 қаңтардан бастап Қылмыстық кодекске енетін өзгеріс қалталы қашындардың заңсыз жолмен жиған-тергенін сот үкімі шықпастан, тәркілеуге мүмкіндік береді, дейді Бас прокуратура өкілдері. Еске салсақ, елден қашып кеткен Рысқалиевтер 71 млрд доллар, Аблязов 6 млрд доллар, ал Храпунов 300 млн доллар мемлекетке шығын келтірді деп сырттай айыпталған.  

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ