$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Солтүстікте дала өрті өршіп тұр

AstanaTV
04.06.2014ж. 10:00
1768
Солтүстікте дала өрті өршіп тұр

Солтүстік Қазақстанда орман өрті жиілеп кетті. Тек жыл басынан бері осындай 6 жағдай тіркеліп, 22 гектар орман алқабының күлі көкке ұшқан. Материалдық шығын көлемі 120 мың теңгеден асып отыр.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, ағаштардың өртенуі, әсіресе, демалыс күндерінде жиілейді. Тұрғындар табиғатта тынығып жатқанда ортақ ережені сақтауда енжарлық танытады, - дейді құтқарушылар.

Айта кету керек, 2012 және 2013 жылдары теріскейде орман алқаптарының өртенуі мүлдем кездескен жоқ. Биылғы оқиғаларға байланысты, өңір құтқарушылары Ресейдің Омбы облысымен бірлесе оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Мамандар отты ауыздықтаудың түрлі амалдарын қолданып, тәжірибе алмасты.

Аман Қабдөшев, М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары:

Жалын тілі ойнаған кезде дала мен орман алқаптары айтарлықтай зардап шегеді. Сондықтан, осының алдын алу үшін Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері бүгін тәжірибелерін шыңдады. Ормандағы отты ауыздықтауда аудандық өрт сөндірушілердің рөлі зор.

Абзал ҚҰРМАНКИН